Максидекс в мази — инструкция по применению

Инструкция по применению максидекса в мази, описание действия препарата, показания к применению мази максидекса, взаимодействие с другими лекарствами, применение максидекса (мазь) при беременности. Инструкции: Максидекс в каплях;
Торговое название: Максидекс®
Международное название: Дексаметазон
Лекарственная форма: Мазь офтальмологическая 3,5г
Показания к применению:
Атс классификация:
S Средства, действующие на органы чувств
S01 Средства, применяемые в офтальмологии
S01B Противовоспалительные средства
S01B A Кортикостероиды, простые препараты
Фарм. группа:
Препараты для лечения заболеваний глаз. Глюкокортикостероиды. Дексаметазон. Код АТX S01ВА01
Условия хранения:
Хранить при температуре не выше 27°C. Хранить недоступном для детей месте!
Срок хранения:
4 года. Не применять по истечении срока годности. Период применения после вскрытия тубы – 4 недели.
Условия продажи: По рецепту
Описание:
Жирная, полупрозрачная, однородная мазь от белого до почти белого цвета.

Состав максидекса в мази

1 г препарата содержит
1г препараттың құрамында

Активное вещество максидекса

дексаметазон 1мг
1мг дексаметазон

Вспомогательные вещества в максидексе

метилпарагидроксибензоат (метилпарабен), пропилпарагидроксибензоат (пропилпарабен), ланолин безводный жидкий, вазелин белый
метилпарагидроксибензоат (метилпарабен), пропилпарагидроксибензоат (пропилпарабен), сусыз сұйық ланолин, ақ вазелин

Показания к применению мази максидекса

Поддающиеся лечению стероидами неинфекционные воспалительные и аллергические состояния конъюнктивы, роговицы и других структур переднего сегмента глаза, в том числе пост-хирургические воспаления, такие как:
  • аллергический блефарит
  • острый и хронический ирит, иридоциклит
  • коньюнктивит, кератоконъюнктивит без гнойных отделений
  • профилактика и лечение послеоперационного воспаления переднего отдела глаз
  • термический и химический ожог (после полной эпителизации дефектов роговицы)
Стероидтармен емдеуге болатын конъюнктиваның, мөлдірқабықтың және көздің алдыңғы сегментінің басқа да құрылымдарының жұқпалы емес қабынуы және аллергиялық жағдайларында, оның ішінде хирургиядан кейінгі қабынуларда:
  • аллергиялық блефаритте
  • жедел және созылмалы ирит, иридоциклитте
  • коньюнктивит, ірің бөлінбейтін кератоконъюнктивитте
  • көздің алдыңғы бөлігінің операциядан кейінгі қабынуының алдын алу және емдеуде
  • термиялық және химиялық күйікте (мөлдірқабық ақауларының толық эпителизациясынан кейін)

Противопоказания максидекса в мази

  • повышенная чувствительность к любому компоненту препарата
  • кератит, вызванный возбудителем герпеса Herpes simplex
  • вирусные кератиты и вирусные конъюнктивы (за исключением кератита Herpes zoster)
  • коровья оспа
  • ветряная оспа
  • грибковые заболевания глаз вызванные, но не ограничивающиеся видами Mycrobacterium tuberculosis, Mycrobacterium leprae или Mycrobacterium avium.
  • острые гнойные заболевания глаз
  • препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық
  • Herpes simplex герпесі қоздырғышы туындатқан кератит
  • вирусты кератит және вирусты конъюнктива (Herpes zoster кератитін қоспағанда)
  • сиыр шешегі
  • желшешек
  • Mycrobacterium tuberculosis, Mycrobacterium leprae немесе Mycrobacterium avium түрлерінен туындаған, бірақ онымен шектелмейтін көздің зеңдік аурулары.
  • көздің іріңді жедел аурулары

Побочные действия мази максидекса

Местные:

Часто
  • роговичные раны
  • боль в глазу
Нечасто
  • раздражение глаз
Редко
  • перфорация роговицы
  • субкапсулярная катаракта
  • глаукома
  • дефект поля зрения, снижение остроты зрения
  • аллергия глаза, зуд в глазу
Очень редко
  • кератиты
  • птоз век
  • мидриаз
  • дискомфорт в глазу, повышенная чувствительность глаз
Системные:

Нечасто
  • повышение внутриглазного давления
Редко
  • инфекции глаза (обострение или вторичные)
Частота и серьезность следующих побочных реакций не определена по причине недостаточности данных:

Местные: эрозия роговицы, окрашивание роговицы, затуманивание зрения, гиперемия глаза.

Системные: головокружение
Жергілікті:

Жиі
  • мөлдірқабық жаралары
  • көздің ауыруы
Жиі емес
  • көздің тітіркенуі
Сирек
  • мөлдірқабықтың тесілуі
  • субкапсулярлы катаракта
  • глаукома
  • көру өрісінің ақауы, көру жітілігінің төмендеуі
  • көз аллергиясы, көздің қышуы
Өте сирек
  • кератиттер
  • қабақ птозы
  • мидриаз
  • көздегі жайсыздық, көздің сезімталдығының жоғарылауы
Жүйелік :

Жиі емес
  • көзішілік қысымның жоғарылауы
Сирек
  • көз жұқпасы (өршуі немесе салдарлы)
Келесі жағымсыз реакциялардың жиілігі және күрделілігі мәліметтердің жеткіліксіз болу себептеріне байланысты анықталмаған:

Жергілікті: мөлдірқабық эрозиясы, мөлдірқабықтың боялуы, көрудің бұлыңғырлануы, көз гиперемиясы.

Жүйелік: бас айналуы

Особые указания к применению

Только для применения в глаза, не для инъекций или приема внутрь. Применение кортикостероидов в лечении простого герпеса требует особого внимания. Продолжительное использование офтальмологических стероидов или увеличение частоты применения может привести к глазной гипертензии и/или глаукоме с последующим повреждением зрительного нерва, снижению остроты зрения, дефектам поля зрения, а также к последующему образованию заднекамерной субкапсулярной катаракты.

У предрасположенных пациентов повышение внутриглазного давления может наблюдаться даже после применения обычных доз. У пациентов, получающих продолжительное офтальмологическое лечение кортикостероидами внутриглазное давление должно проверяться регулярно и с высокой частотой. У пациентов с глаукомой, длительность лечения должна ограничиваться 2 неделями, при отсутствии обоснованной необходимости более длительного лечения; при этом должен проводиться регулярный контроль внутриглазного давления.

Кортикостероиды могут понизить устойчивость, а также препятствовать выявлению бактериальной, вирусной и грибковой инфекций, маскировать клинические признаки инфекций, тем самым предотвращая раннее выявление неэффективности антибиотика или подавить реакции гиперчувствительности к дексаметазону. При устойчивом изъязвлении роговицы у пациентов, которые принимали или принимают кортикостероиды следует рассмотреть вероятность присутствия грибковой инфекции. В случае подтверждения грибковой инфекции следует прекратить лечение кортикостероидами. Не исключена вероятность прободения роговицы или склеры при местном применении стероидов при заболеваниях, вызывающих их истончение.

Кортикостероиды неэффективны при лечении кератоконъюнктивитов Sjőgren. При лечении стромальных кератитов или увеитов, вызванных простым герпесом следует применять препарат с большой осторожностью и только в сочетании с противовирусной терапией; важным условием является периодическая микроскопия с щелевой лампой.

Не рекомендуется прекращение лечения с высокой дозой кортикоидов преждевременно или внезапно или прерывисто, поскольку внезапное прекращение местного лечения с высоких доз офтальмологических стероидов может вызвать повторные воспалительные состояния глаза. Местно применяемые в глаза кортикостероиды могут замедлить заживление роговичных ран.

Беременность и период лактации
Максидекс® мазь офтальмологическая должен назначаться только в тех случаях, когда эффективность лечения оправдывает возможный риск для плода. На период кормления грудью следует прервать лечение мазью офтальмологической Максидекс®.

Контактные линзы
На период лечения препаратом Максидекс® мазь офтальмологическая, следует воздержаться от ношения мягких (гидрофильных) контактных линз, либо удалять их во время нанесения мази. Линзы можно носить в перерывах между применением препарата и вставлять не ранее чем через 15 минут после применения мази. Нельзя применять Максидекс® поверх контактных линз.

Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
После нанесения мази может возникнуть временная неясность зрения или другие визуальные беспокойства, что может негативно повлиять на способность управлять автомобилем или другими потенциально опасными механизмами. В этом случае необходимо подождать некоторое время до восстановления зрения.
Тек көзге қолдану үшін, инъекция немесе ішке қабылдауға арналмаған. Қарапайым ұшықты емдеу кезінде кортикостероидтарды қолдану аса назар аударуды қажет етеді. Офтальмологиялық стероидтарды ұзақ уақыт пайдалану немесе қолдану жиілігін арттыру көз гипертензиясына және/ немесе соңынан көру жүйкесінің зақымдануына әкелетін глаукомаға, көру жітілігінің төмендеуіне, көру өрісінің ақауына, сондай-ақ соңынан артқыкамералы субкапсулярлы катарактаның пайда болуына алып келеді.

Бейім емделушілерде көзішілік қысымның жоғарылауы тіпті әдеттегі дозаларды қабылдағанда-ақ байқалуы мүмкін. Кортикостероидтармен ұзақ уақыт офтальмологиялық ем қабылдап жүрген емделушілерде көзішілік қысым ұдайы және өте жиі тексерілуі керек. Глаукомасы бар емделушілерді ұзағырақ емдеуге дәлелденген қажеттілік болмаса, емдеу ұзақтығы 2 аптамен шектелуі тиіс; бұл орайда көзішілік қысымға ұдайы бақылау жүргізу қажет.

Кортикостероидтар төзімділікті азайтуы, сондай-ақ бактериялық, вирусты және зеңдік жұқпаларды анықтауға кедергі келтіруі, жұқпаның клиникалық белгілерін бүркемелеуі мүмкін, сонысымен антибиотиктің тиімсіздігін ерте анықтауға мүмкіндік бермей немесе дексаметазонға жоғары сезімталдық реакциясын бәсеңдетуі мүмкін. Кортикостероидтар қабылдаған немесе қабылдап жүрген емделушілерде мөлдірқабықтың тұрақты ойық жаралануы кезінде зеңдік жұқпаның болу ықтималдығын қарастыру керек. Зеңдік жұқпа расталған жағдайда кортикостероидтармен емдеуді тоқтату қажет.

Мөлдірқабықтың немесе аққабықтың жұқаруын туындататын ауруларда стероидтарды жергілікті қабылдау, олардың тесілу ықтималдығын жоққа шығармайды. Sjőgren кератоконъюнктивиттерін емдеуде кортикостероидтар тиімді емес. Қарапайым ұшықтан туындаған стромальді кератиттерді немесе увеиттерді емдеу кезінде, препаратты үлкен сақтықпен және тек вирустарға қарсы еммен біріктіре отырып қолдану қажет; маңызды шарты мезгіл-мезгіл саңылаулы лампамен микроскопия жасау болып табылады.

Кортикоидтардың жоғарғы дозасымен емдеуді уақытынан бұрын немесе кенеттен немесе үзік-үзік тоқтатуға болмайды, өйткені офтальмологиялық стероидтардың жоғарғы дозасымен жергілікті емді кенеттен тоқтату қайтадан көздің қабыну жағдайын туындатуы мүмкін. Көзге жергілікті қолданылатын кортикостероидтар мөлдірқабық жараларының жазылуын баяулатуы мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі
Максидекс® офтальмологиялық жақпамайы тек емдеудің тиімділігі ұрық үшін болуы мүмкін қауіптен жоғары болған жағдайда ғана тағайындалуы керек. Бала емізу кезеңінде Максидекс® офтальмологиялық жақпамайымен емдеуді тоқтата тұру керек.

Жанаспалы линзалар
Максидекс® офтальмологиялық жақпамайы препаратымен емдеу кезеңінде жұмсақ (гидрофильді) жанаспалы линзаларды тақпау керек немесе жақпамайды жаққан кезде алып тастау керек. Линзаларды препаратты қолдану арасындағы үзілістерде тағуға болады және жақпамайды қолданғаннан кейін кем дегенде 15 минуттан соң ғана тағу керек. Максидексті® жанаспалы линзалардың үстінен қолдануға болмайды.

Дәрілік заттардың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Жақпамайды жақаннан кейін көрудің уақытша бұлдырлауы немесе көруге байланысты басқадай алаңдаушылықтар пайда болуы мүмкін, бұл автомобиль немесе басқа қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне жағымсыз әсер етуі мүмкін. Бұл жағдайда көру қалпына келгенге дейін біршама уақыт күту керек.

Дозировка и способ применения

Для применения в глаза. Небольшое количество мази (полоска около 1,5 см) закладывается в коньюнктивальный мешок пораженного глаза(глаз) 1-4 раза в день. При наблюдении улучшения состояния следует уменьшить частоту применения до одного раза в день в течение нескольких дней.

Не рекомендуется преждевременное прекращение лечения. Во время лечения рекомендуется проводить тщательный и регулярный контроль внутриглазного давления. Максидекс® мазь офтальмологическая может использоваться на время сна в сочетании с глазными каплями Максидекс® в течение всего дня. После нанесения мази рекомендуется легкое прикрытие век. Это снижает системное всасывание и неблагоприятное воздействие лекарственного препарата, применяющегося местно через ткани глаза.

При использовании нескольких офтальмологических препаратов местного применения, необходимо соблюдать интервал между применением препаратов около 10-15 минут. Мазь наноситься в последнюю очередь.

При применении препарата Максидекс® мазь офтальмологическая у пациентов с почечной и печеночной недостаточностью, вследствие низкой системной абсорбции дексаметазона при местном применении, корректировка дозировки не требуется.

Не следует прикасаться кончиком тубы к глазам или любой другой поверхности, чтобы избежать загрязнения содержимого тубы.
Көзге қолдану үшін. Жақпамайдың аздаған мөлшері (1,5 см- ге жуық жолақ) зақымданған көздің (екі көзге) коньюнктивалды қапшығына күніне 1-4 рет салынады. Жай-күйінің жақсаруы байқалса қолдану жиілігін күніне бір ретке дейін азайту керек, бірнеше күн бойы.

Уақытынан бұрын емді тоқтатуға болмайды. Емдеу кезінде көзішілік қысымды мұқият және ұдайы бақылап отыру ұсынылады. Максидекс® офтальмологиялық жақпамайын ұйқы кезінде Максидекс® көз тамшы дәрісімен біріктіре күні бойы пайдалануға болады.

Жақпамай жаққаннан кейін қабақты сәл жабу керек. Бұл көз тіндері арқылы жергілікті қолданылатын дәрілік препараттың жүйелік сіңуін және жағымсыз әсерін төмендетеді. Жергілікті қолданылатын бірнеше офтальмологиялық препараттарды пайдаланған кезде, препараттарды қабылдауда 10-15 минутқа жуық аралықты сақтау керек. Жақпамай соңғы кезекте жағылады. Жергілікті қолданғанда дексаметазонның жүйелік сіңуінің төмен болуы салдарынан, Максидекс® офтальмологиялық жақпамайы препаратын бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде қолданған кезде, дозасын түзету қажет емес. Сықпаның ішіндегісін ластамау үшін сықпаның ұшын көзге немесе кез келген басқа беткейге тигізуге болмайды.

Взаимодействие с лекарствами

Специфических исследований лекарственного взаимодействия для препарата Максидекс® мазь офтальмологическая не проводилось. Известны случаи взаимодействия, связанные с системным применением дексаметазона. Однако, системная абсорбция дексаметазона при местном офтальмологическом применении низкая, поэтому риск возникновения лекарственных взаимодействий минимален. При применении более одного местного офтальмологического препарата, интервал между приемом препаратов должен составлять не менее 5 минут.
Максидекс® офтальмологиялық жақпамайы препараты үшін дәрілермен өзара әрекеттесуіне спецификалық зерттеулер жүргізілген жоқ. Дексаметазонның жүйелік қолданылуына байланысты өзара әрекеттесу жағдайлары белгілі. Алайда, офтальмологиялық жергілікті қолданғанда дексаметазонның жүйелік сіңуі төмен, сондықтан дәрілік өзара әрекеттесулердің даму қаупі өте аз. Бірнеше офтальмологиялық препаратты жергілікті пайдаланғанда препаратты қолданудың арасындағы аралық 5 минуттан кем болмауы тиіс.

Передозировка максидексом в мази

Не известно о случаях передозировки данным препаратом.
Бұл препаратпен артық дозалану жағдайлары белгісіз.

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

Дексаметазон всасывается в водянистую влагу, роговицу, радужную оболочку, сосудистую оболочку глаза, цилиарное тело и сетчатку. Системное всасывание может возникать только в случае применения высоких доз или при продолжительном лечении.

Максимальная концентрация дексаметазона в водянистой влаге глаза, составляющая примерно 30нг/мл, достигается в течение двух часов, которая впоследствии снижается с периодом полураспада, составляющим 3 часа.

Дексаметазон выводиться с мочой. Примерно 60% дозы обнаруживается в моче в виде 6-β-гидроксидексаметазона. Период полувыведения из плазмы крови составляет 3-4 часа. Дексаметазон примерно в 77-84% связывается с сывороточным альбумином. Диапазон клиренса лежит в пределах 0,111 до 0,225 л/час/кг и объем распределения в пределах от 0,576 до 1,15 л/кг.
Дексаметазон көздің сулы ылғалына, мөлдірқабығына, нұрлы қабығына, қантамырлы қабығына, цилиарлы денеге және торқабыққа сіңеді. Жүйелік сіңуі тек жоғары дозаларда қолданғанда немесе ұзақ мерзім емдегенде пайда болуы мүмкін. Дексаметазон көздің сулы ылғалындағы шамамен 30нг/мл құрайтын концентрациясына екі сағаттың ішінде жетеді, соңынан 3 сағатты құрайтын жартылай ыдырау кезеңімен төмендейді.

Дексаметазон несппен бірге шығарылады. Дозаның шамамен 60%-ы несепте 6-β-гидроксидексаметазон түрінде анықталады. Қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңі 3-4 сағатты құрайды. Дексаметазон қан сарысуы альбуминімен шамамен 77-84% байланысады. Клиренс ауқымы дене салмағының әр кг 0,111 –ден 0,225 л/сағ. дейінгі шегінде және таралу көлемі дене салмағының әр кг 0,576-дан 1,15 л-ге дейінгі шегінде жатады.

Фармакодинамика

Кортикостероиды оказывают противовоспалительное действие посредством подавления адгезии молекул сосудистых эндотелиальных клеток, циклооксигеназы I и II и выброса цитокинов. Это в свою очередь приводит к снижению выработки про-воспалительных медиаторов и подавлению адгезии циркулирующих лейкоцитов к сосудистому эндотелию, таким образом предотвращая адгезию к воспаленным тканям глаза. Дексаметазон имеет выраженную противовоспалительную активность со сниженной активностью минералокортикоидов по сравнению с некоторыми другими стероидами и является наиболее эффективным противовоспалительным средством.
Кортикостероидтар қантамырлық эндотелиальды жасушалар молекулаларының адгезиясын, циклооксигеназаны I және II, цитокиндердің шығарылуын бәсеңдету арқылы қабынуға қарсы әсер етеді. Бұл өз кезегінде қабыну медиаторларының өндірілуін азайтуға және қантамырлық эндотелийге айналымдағы лейкоциттердің адгезиясын бәсеңдетуге алып келеді, осылайша көздің қабынған тіндеріне адгезияны болдырмайды. Дексаметазонның, басқа кейбір стероидтармен салыстырғанда белсенділігі төмен минералокортикоидтармен бірге айқын қабынуға қарсы белсенділігі бар және қабынуға қарсы тиімділігі жоғары дәрі болып табылады.

Упаковка и форма выпуска

По 3.5 г препарата в алюминиевую тубу с белым пластиковым дозирующим наконечником и белой навинчиваемой крышкой. По 1 тубе вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в картонную пачку.
Дозалаушы ақ пластик ұштығы және ақ пластик бұралатын қақпағы бар алюминий сықпаға препарат 3,5г –ден салынған. 1 сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.